Австрия канцлері ресейлік және қытайлық вакцинаны қандай жағдайда егетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия канцлері Себастьян Курц ресейлік «Спутник V» вакцинасы мен қытайлық препаратты қандай жағдайда егетіні туралы айтты, деп жазды lenta.ru.

Курц аталмыш вакциналарды Еуроодақ елдері мақұлдаған жағдайда егетінін мәлім еткен. 

Мұндай жағдайда Австрия аталмыш препараттарды елде өндіру ісін де жолға қоюды қарастыратындарын атап өтті. 

Оның айтуынша, вакцинация мәселесінде саясат емес қауіпсіздік, тиімділік пен қолжетімділік бірінші кезекте болуы тиіс.

Бұған дейін Еуроодақ дипломаты Жозеф Боррел одақ шеңберінде ресейлік вакцинаны қолдану үшін сертификация мәселесі шешілетініне үмітті екенін айтқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы