Бүгiн 2026, 10:15
Фото: Report
Австралияның Солтүстік аумағы Нарелле тропикалық циклоны келу қаупі бар
Бұған дейін циклон салдарынан нөсер жаңбыр жауып, жойқын жел соққан.
Болжам бойынша, Нарелле тропикалық циклоны сенбі күні Австралияның Солтүстік аумағына соққы беруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін циклон елдің солтүстік-шығыс жағалауында жойқын жел соғып, нөсер жаңбыр жауып, электр энергиясының үзілуіне әкелген.
Елдің метеорологиялық бюросының мәліметінше, екінші санаттағы Нарелле дауылы Карпентария шығанағында батысқа қарай жылжып келеді және сенбі күні кешке қарай аумақтың шалғай шығыс өңірлеріне жетуі ықтимал.
Болжамға сәйкес, Нарелле дауылы сенбі күні күшейіп, батысқа қарай жылдам қозғалады, – деп мәлімдеді метеорологиялық бюро.
Сондай-ақ желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға дейін (сағатына 115 миль) жетуі мүмкін екені айтылды.