Австралияның бірнеше қаласы топан су астында қалды
Елде шілде айында басталған жауын-шашын маусымы әлі де тоқтар емес, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Ақпарат көздері кемінде 5 адамның қаза болғанын хабарлайды. Қазір елдің бірнеше өзені арнасынан тасып жатыр. Салдарынан ауыл шаруашылық алқаптары жарамсыз күйге айналды.
Жаңа Оңтүстік Уэльс билігі тұрғындарды эвакуациялануға шақырады. Онда тасқыннан әсіресе Ганнеда қаласы қатты зардап шеккен. Жүзден астам елді мекенде қауіптіліктің жоғарғы деңгейі жарияланды. Синоптиктердің болжамынша жауын-шашын әлі де жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы