Австралияда ұшақ апатынан 4 адам мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның шығыс жағалауындағы Мортон шығанағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Хабар 24. 

Оқиғадан бортта болған барлық  4 адам қаза болды. Олардың арасында екі бала бар. Әуе көлігін 69 жастағы ұшқыш тізгіндеген. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Тергеу ісі басталды. Мамандардың нақты шешімі 6 аптадан кейін белгілі болады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы