Австралияда толассыз нөсер жауып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

Австралияның Квинсленд штатында бұрын-соңды болмаған толассыз нөсер жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шұғыл көмек қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілген. 

Парсы шығанағындағы Брисбен штатының астанасынан солтүстік-батысқа қарай 2115 шақырымда орналасқан Бурктаун қаласының 53 тұрғыны эвакуацияланғаны белгілі болды. Өйткені қатты жаңбыр су тасқынының орын алуына себеп болған. 

Полиция адамдарды тау-кен өндіретін Маунт Айза қаласына тікұшақпен эвакуациялады. 

Жүз шақты адам қалада қалған, полиция толықтай эвакуациялау жұмыстары сенбі күні аяқталады деп отыр. Себебі ұлттық синоптик өзендер деңгейінің көтерілуі жексенбіде шарықтау шегіне жететінін болжаған. 

Төтенше жағдай Австралияның шығысында соңғы екі жылда көпжылдық  ауа райының Ла-Нинья құбылысынан кейін орын алуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aikyn.kz
Өзгелердің жаңалығы