11 Маусым 2024 2024, 16:07
Фото: 24kz
Австралияда құс тұмауы балаға жұқты
Австралияда құс тұмауының жаңа штамы адамға жұқты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.
Австралияда құс тұмауының жаңа штамы адамға жұқты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.
Бұл елде бұрын-соңды болмаған жайт. Вирус 2 жасар қыз баладан табылған.
Ол бірнеше ай бұрын Үндістанда болған екен. Мамандар балақай ауруды сол жерде жұқтырса керек дейді. Өйткені шетелде жүргенде-ақ өзін нашар сезінген. Елге оралғанда жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен. Қазір қыз баланың халі жақсы
Бұдан бөлек, Австралияда құс тұмауы 5 фермада өршіп тұр. Салдарынан жарты миллионнан аса үй құсының көзі жойылды.
Осы жағдайға байланысты елде жұмыртқа бағасы күрт өсіп кеткен.