Австралияда нөсер жаңбырдан зардап шеккендер құтқарылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сиднейден Порт-Маккуориге дейінгі солтүстік-шығыс жағалау тұрғындары су астында қалып қойды.


Австралияда бірнеше күннен бері тоқтаусыз жауын салдарынан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының тұрғындары құтқарылып жатыр. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Аймақта 60 мектеп жабылды. 150 мыңға жуық үй жарықсыз қалды және жолдар ішінара жабылды. Сиднейде қалалық аудандардың бірнешесі электрсіз отыр.

Синоптиктердің айтуынша, Австралияның шығыс жағалауы апта бойы қатты жел мен нөсер жаңбырдың астында қалуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы