Австралияда футболшыны акулалар жеп қойды
Алматы, BAQ.KZ. Америкалық "Гастинг Бронкос" клубында өнер көрсететін неміс футболшысы Эрик Биригитти достарымен Австралияда демалып жүрген жерінде қайтыс болды.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Дереккөз таратқан мәлімет бойынша, 21 жастағы футболшы жағадағы жартас арасын аралап жүрген, кенеттен аяғы тайып кетіп суға құлаған. Оны су толқындары бірден теңізге тартып әкеткен. Достары құтқаруға әрекеттенгенімен одан ештеңе шықпаған.
Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметі шақырылған. Дегенмен, футболшының денесі тек түнге қарай бірақ табылған. Болжам бойынша, Биригиттиге ашық теңізде акулалар тап беріп, жеп қойған болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұшақ атылған сәтке дейін Тегеранмен байланыста болған
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы