1 Желтоқсан 2024 2024, 02:25
Фото: pixabay.com
Австралияда балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды
Австралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Австралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Заңға сәйкес, балалар рұқсат етілген жасқа дейін платформаларда өз атынан парақша аша алмайды.
Бұл мұндай тыйым заң жүзінде мәртебе иеленген алғашқы жағдай.
Енді TikTok, Snapchat, Reddit, Instagram, Facebook, X иелері кәмелетке толмағандар платформаларға кіре алмас үшін шара қабылдауға тиіс. Әйтпегенде компанияларға 50 млн австралия доллары (шамамен 16,5 млрд теңге) көлемінде айыппұл төлейді.
Заң жобасының авторлары мұндай тыйым балаларға әлеуметтік желілер тигізетін психикалық қауіптен қорғайтынына сенімді.