Австралия жұрты климатқа байланысты ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия жұрты ереуілге шықты, деп хабарлады 24.kz.

Олар жаһандық жылынуды назарсыз қалдырмай, биліктен бұл мәселеге қатысты нақты әрекет етуді талап етіп отыр. 

Наразы топ Сиднейдегі темір жол вокзалының жанындағы көшені жауып тастаған. Салдарынан полицейлер 30-ға жуық адамды қамауға алды. Жаңа Зеландия халқы да билікке осындай талап қойып, ереуілге шыққан. Мұнда жүздеген адам парламент жанына жиылған. Бірнеше ереуілшінің қамауға алынғаны белгілі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы