Австралия туризм саласындағы 1 млн адамның жұмысқа оралуына рұқсат бермек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия мен Жаңа Зеландия бір-біріне шекарасын ашып, екі ел азаматтарының саяхаттауы үшін қауіпсіз аймақ құруды қарастыруда, деп жазды 24.kz.
Бұл туралы Австралия премьер-министрі Скот Моррисон Ұлттық кабинеттің отырысында мәлімдеді. Оған Жаңа Зеландия үкімет басшысы Джасинда Ардерн қатысты.Моррисонның айтуынша, үкімет жуық арада қандай шектеу шаралары алынатынын хабарлайды. Билік өнеркәсіп пен туризм саласындағы 1 миллионға жуық адамның жұмысқа оралуына рұқсат бермек.
Біз адамдардың жұмысқа қайта оралуын қамтамасыз етуіміз қажет. Егер қазіргі шектеу шаралары сақталатын болса, мемлекеттегі экономикалық белсенділік апта сайын 4 миллиард долларға төмендейді. Өндіріс пен тұтыну қысқарады. Бұл орта есеппен 4 миллионға жуық австралиялықтың апта сайын алатын жалақысына пара-пар, - деді Австралия қаржы министрі Джош Фрайденберг.Айта кетейік, Австралияда қазір індетті жұқтырғандардың саны 6 мың 849 адамға жеткен. Олардың 6 мыңға жуығы емделіп шыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда кімдер дезинфекция жасап жүр?
Өзгелердің жаңалығы