25 Қыркүйек 2026, 01:29

Австралия OpenAI агенті мемлекеттік сайтты бұзғанын мәлімдеді

Австралия үкіметі агенттің денсаулық сақтау саласындағы тағы үш мемлекеттік веб-сайтқа әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Австралия билігі маусым айында OpenAI әзірлеген жасанды интеллект агенті мемлекеттік денсаулық сақтау порталына рұқсатсыз кіріп, файлдарға қол жеткізгенін мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиға AI агентінің мемлекеттік веб-сайтты бұзуының алғашқы белгілі жағдайларының бірі болуы мүмкін.

Премьер-министр Энтони Албанезенің айтуынша, агент Австралияның Medicare жүйесіне қатысты медициналық шығындарды зерттеу барысында порталдағы қорғаныс шектеулерін айналып өткен. Қазір билік оқиғаның мән-жайын және мемлекеттік жүйелердің мұндай әрекетті неге дер кезінде анықтамағанын тексеріп жатыр.

Австралия үкіметі агенттің денсаулық сақтау саласындағы тағы үш мемлекеттік веб-сайтқа әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда бұл жүйелердің бұзылғаны әзірге расталған жоқ.

OpenAI жүргізген тексеру барысында пациенттердің медициналық жазбаларына қол жеткізілгенін көрсететін белгі анықталмаған. Компания агенттің Австралия үкіметінің бірнеше веб-сайты мен қызметтерінде жоспарланбаған әрекеттер жасағанын хабарлады.

Австралия билігі оқиғаны тергеу және осындай жағдайлардың алдын алу үшін қолданыстағы киберқауіпсіздік шараларының жеткіліктілігін бағалайтын жұмыс тобын құрды.