Австралиядағы өрт. 10 мың түйе өлтіріледі

Алматы, BAQ.KZ.  Австралия билігі он мыңдаған түйені өлтіру жөнінде шешім шығарды. Басты себеп судың жетіспеушілігі. Бұл туралы The Hill  басылымы хабарлады.

Билік елдің жарты территориясын шарпыған өртті сөндіруге қажетті судың көп мөлшерін түйелер тұтынып отыр деген шешімге келген. Түйелерді өлтіру жұмысы елдің солтүстігінде атқарылмақ және оған сол мекеннің негізгі тұрғындары аборигендер тартылып отыр. 

Жоспар бойынша бес күндік операция кезінде 10 мың түйені өлтіруді көздеп отыр. Айтуларынша өрт салдарынан түйелер әдеттегіден көп мөлшерде су тұтынатын болған, ал бұның арты үлкен хаосқа әкелетін көрінеді. 

Австралиядағы орман өрті өткен жылдың қыркүйек айынан бері өшпей жатыр. Соның салдарынан 24 адам мерт болып, бірнеше миллион жануар өлген. Ғарыштан түсірілген фотосуреттен елдің басым бөлігі өртке оранғанын көруге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы