Австралияда көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Квинсленд елді мекенінде көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауған. Бұл туралы The watchers хабарлады.

Бұршақтың көлемі 6 см болған. Оның үстіне қатты жел соққан. Дабылды ескерту Гимпи қаласының аумағы мен Брисбеннің оңтүсітігіне дейін жарияланған. 

Табиғи апаттың салдарынан үйлер мен көліктер зақымданған. Квинслендтің оңтүстік-шығысында шамамен 23 000 үй жарықсыз қалған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы