Авиажөндеу зауыты жаңа технологияларды енгізді
«Qazindustry» Қазақстандық Индустрия және экспорт орталығы өңдеуші өнеркәсіп экономикасы секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік қолдау көрсетілген жарқын мысалдардың бірі №405 Авиажөндеу зауытының қызметі болып табылады.
Қазіргі уақытта «№405 Авиажөндеу зауыты» АҚ авиациялық техниканы толық техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, Орталық Азия өңірінде сертификатталған өндірістік процестері бар жетекші лицензияланған авиажөндеу кәсіпорны болып саналады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары тікұшақтарды жөндеу және өндіру, техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар тікұшақтар мен олардың кабиналарын қайта жабдықтау, қосымша ұшу және навигациялық және радиобайланыс құралдарын орнату, инженерлік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік ынталандыру шеңберінде «№405 Авиа жөндеу зауыты» АҚ еңбек өнімділігін арттыру және Индустрия 4.0 технологияларын енгізу мәселелері бойынша кәсіптік оқытуға, инженерлік-техникалық және өндірістік персоналдың біліктілігін арттыруға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
QazIndustry атап өткендей, акционерлік қоғамның басты қызметі Қазақстан Республикасының индустриялық дамуына жәрдемдесу, бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру және дамыту болып табылады.