Авиация саласы. Мамандар халықаралық талапқа сай емес оқу орында оқып жүр - министр

Азаматтық авиация саласында жоғары білікті кадрлар тапшы. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 2025 жылға дейін қосымша кадрларға қажеттілік артып келеді (жыл сайын 500-600 маман). Республикада сала бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істейді. Алайда, Академия түлектері, ИКАО стандарттарына және мамандар дайындау саласындағы басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес, - деді ведомство басшысы.

Оның айтуына қарағанда, осы себепке байланысты негізгі авиакәсіпорындар, кадрларды өз бетінше оқытуға мәжбүр.

Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу және студенттеріміздің сұраныс деңгейін арттыру үшін, біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі реформалау, сондай-ақ оқыту процесін ИКАО-ның озық стандарттарына сәйкес келтіру мәселесін пысықтаудамыз, - деді Қарабаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы