Авиатасымалдаудың ішкі нарығында ең үлкен үлесі қай компанияға тиісілі екені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Авиатасымалдаудың ішкі нарығында ең үлкен үлес мемлекет қатысатын  авиакомпанияларға, Самұрық-Қазына компаниялар тобына (Эйр Астана, FlyArystan және Qazaq Air құрылымдық бөлімшесімен) тиесілі, қалған үлесі «Скат» АҚ-да, бұл ретте қалған 3 авиакомпанияның  үлесі 1%-дан аз. 2019 жылдың соңында «Bek Air» АҚ авиакомпаниясының қызметі тоқтатыла тұрды, бұл кейіннен неғұрлым ірі нарық ойыншыларының монополиялық позициясын нығайтты, - деді ол. 

Омаров Мемлекет басшысы ұсынған жаңа экономикалық бағытты ескере отырып, тауар нарықтарын және монополиялық топтарды монополиясыздандыру, сондай-ақ бәсекелестік бар тауар нарықтарындағы мемлекет қатысатын компаниялар санын қысқарту бойынша пәрменді шаралар қабылдау ұсынылатынын айтты.

Осыған орай теміржол жүк тасымалдары бәсекелес нарықтарында мемлекет қатысатын кәсіпорындарды сату ұсынылады. Мысалы, Кедентранссервис, КТZ Express, Қазтеміртранс және ҚТЖ-ның еншілес компаниялары. Бұл ретте ҚТЖ-Жүк тасымалдары өз компанияларына бәсекелестік нарықта жеңілдіктер береді, бұл бәсекелестікті шектеуге әкеледі. «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС-ға қатысты мәні бірдей келiсiмдерге, атап айтқанда Қазақстан Республикасының теміржолы бойынша жүктерді тасымалдауға арнайы тарифтік шарттарды ұсыну туралы жасалған шартқа әртүрлi бағаларды қолдану бөлігінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану, ҚР КК-нің 174-бабының 2- тармақшасын бұзу белгісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деді Омаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы