"Ауыздарыңыздан шықпасын": Көліктегі сөз сотта жария болды
Шерзат ісі бойынша сотта көліктегі дыбыстық файлдар тыңдалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға болған түні Prada көлігінде Абзал Шынасыл, Юлдаш Розыбакиев, Арлан Казкенов, Нұрқияс Ілиясов және Дана Жақсыгелді отырған.
Абзал Шынасыл Арланға "ауыздарыңыздан ешқандай сөз шығып жүрмесін" деген. Жәбірленуші тараптың адвокаты сол сәтте не туралы айтылғанын сұрады.
Болған оқиға жайлы айттым. Бізге Арлан өздерінің барып көргендерін айтты ғой. Одан артық ештеңе айтқан жоқпын. Өз арамызда ешқандай келісім болған жоқ, - деп жауап берді Абзал Шынасыл.
Еске салайық, осыған дейін Шерзат Болат ісі бойынша сотта жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Руанда басшысы Қазақстан қалай гүлденіп жатқанын айтты
Өзгелердің жаңалығы