Баталов: Ауыз сумен қамту деңгейі 99%-дан асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматы облысында орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі 99%-тен асады.
Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңындағы брифинг кезінде мәлімдеді.
Облыста орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі - республикадағы жоғары көрсеткіштің бірі, ол бүгінгі күні 98,3%-ті құрап отыр, яғни 678 елді мекен қамтылған. Биыл 7 ауылға су құбырын тарту есебінен 99,5%-ке (685 е/м) жеткіземіз, сондай-ақ 11 ауылдың ауыз су сапасы жақсартылады, - деді әкім.
Алматы облысында жылдан жылға жолдардың сапасы жақсарып келеді. Биылғы жылы облыстық маңызы бар 316 шақырым жол және 154 елді мекеннің ауылішілік жолдары жөнделді, оған 47,3 млрд теңге бөлінді.
Жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар үлесі 89 пайызға жетеді, - дейді Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қайта өңделген өнімдер экспорты өсті – Баталов
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы