Ауыз су бойынша ешқандай мәселе жоқ – Астана әкімі

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, үшінші сорғы-сүзгі станциясынның іске қосылуы және Астана су қоймасынан екінші су құбыры желісінің құрылысы аяқталуының арқасында тәуліктік қуат қоры тәулігіне - 70-80 мың текше метр. Келесі жылы Нұра жерасты су көзінен су құбырының құрылысын және “Тельман” сорғы станциясын кеңейту басталады.

Қазіргі таңда ауыз су мәселесі бойынша ешқандай проблема жоқ. Алдағы 3-4 жылға профицит бар. Ұзақ мерзімді шаралар аясында Сәтбаев атындағы каналдан жаңа су құбыры жобалануда. Осы жобаларды іске асыру қаланы 2035 жылға дейін тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді қала басшысы ОКҚ баспасөз конференциясында.

Осыған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бас шаһардағы мектеп тапшылығы қалай шешілетінін айтты. Астанада неге қоғамдық көлік жетіспейтіні туралы да айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы