Ауысқан уақыттың әсерін зерттеуге қанша теңге бөлінеді?

Мәжілістің кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр үш жылдық зерттеу бюджетіне 160 миллион теңге ұсынылғанын, бірақ нақты сомасы шамамен 90-100 миллион теңгеге қысқаратынын жеткізді.

Бұл шешім грантқа қатысты конкурс жарияланғаннан кейін, Ұлттық ғылыми кеңестің зерттеу құнына баға беруіне байланысты анықталады. Зерттеу жұмыстарына физиология және география институттары қатысады,- деді министр.

Журналистің "Бұл қаржы босқа жұмсалмай ма?" деген сұрағына Саясат Нұрбек мұндай қоғамдық сұраныс болғандықтан, зерттеу қажет екенін айтты.

Ұсыныс Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қолдау тапты. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми гранттарды қаржыландыру арқылы жауап береді.

Бұл зерттеу нақты қандай бағытта болатыны конкурс нәтижесінде анықталатыны белгілі болды, - деді ол.

Еске салсақ кеше Сауда министрі уақыт белдеуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді. Сондай-ақ, ол шығыстықтардың тең жартысы қолдағанын атап өткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы