Ауыр науқас әйел бүйрек үшін күйеуге шығып, кейін ғашық болып қалған

Қытайда ауыр дертке шалдыққан екі адамның есеппен қиылған некесі шынайы махаббатқа ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

2013 жылы 24 жастағы Ван Сяоға уремия диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған өмір сүру үшін бүйрек трансплантациясы қажет екенін айтқан. Алайда оның туыстарының ешқайсысында сәйкес қан тобы болмаған. Сол кезде оған ракпен ауыратын науқас тауып, бүйрегін алу үшін некеге тұруды ұсынған.

Ван әлеуметтік желідегі арнайы топтардың бірінде хабарландыру жариялаған. Хабарландыруға 27 жастағы Юй Цзяньпин есімді миеломамен (сүйек кемігінің қатерлі ісігі) ауыратын жігіт жауап берген.

Ван Юйға тұрмысқа шыққан: Юй өлімінен кейін әйеліне бүйрегін қалдыруға уәде берсе, Ван оның өзіне және қарт әкесіне қамқор болуға келіскен. Алайда уақыт өте келе екеуі бір-біріне бауыр басып, ақырында шынайы ғашық болғандарын түсінген.

Бір күні Ван күйеуіне сүйек кемігін трансплантациялауға қаражат жинау үшін шағын гүл бизнесін ашады. Біраз уақыттан кейін ол қажетті соманы жинап, Юйге ота жасалған. 2014 жылдың жазына қарай оның жағдайы тұрақталып, ауруы қайталанбаған. Ванның денсаулығы да жақсарып, бұрын аптасына екі рет жасалатын диализ енді айына бір рет қана қажет болған. Осылайша, бастапқы бүйрек ауыстыру жоспарының қажеті қалмаған.

2015 жылы жұп салтанатты үйлену тойын өткізді. Олардың оқиғасы кейін «Viva la Vida» атты фильмнің негізіне айналып, 2024 жылы жарық көрді. Картина 276 миллион юань (шамамен 3,1 миллиард рубль) табыс әкелген. Қазір ерлі-зайыптылар Сиань қаласында өздерінің гүл дүкенін ашып, әлі күнге дейін бірге жұмыс істеп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы