Ауыр халде жатқан Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы анықталды
Әнші Алтынай Жорабаева жағымды жаңалық жеткізіп, Құрманай Бақтиярқызының есін жиғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының есін жиғанын жария етті.
Аллаға шүкір. СубһанАллаһ. Құрманайымыз ояныпты. Алла осы мықтылығыңнан айырмасын, Құрмашым. Бала-шағаңа, ата-анаңа аман-есен, он екі мүшең сау болып, қосылуыңды нәсіп етсін Аллам, - деді әнші.
Бұған дейін Алтынай Жорабаева оның ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті
Өзгелердің жаңалығы