Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) мәліметіне сай "Р-Спорт" агенттігі хабарлады.
Федерация хабарына қарағанда, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Үкіметі Қытаймен шектесетін елдерден жолаушыларға кіруді және шығуды шектеген. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 ақпанда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмегенін, бірақ мемлекеттің онымен күресуге дайын екенін айтқан.
IWF атқарушы комитеті қалыптасқан жағдайды талқылап, жарысты Өзбекстанға көшіру туралы шешім қабылдады. Енді ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуірде Ташкентте өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы