Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Енді бұл қызметке Бақыт Ахметов тағайындалды.
Осыған дейін бұл қызметті 2016 жылдан бері Юрий Мельников атқарған еді. Айта кетейік, Бахыт Ахметов осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.
2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. 41 жастағы маман Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.
Сонымен қоса, Бахыт Ахметов ауыр атлетикадан Азия чемпионы және қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы және қола жүлдегері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы