Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жастар арасында Азия чемпионы атанды
Ақжол Құрманбек жастар арасында Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз 73 келіде бақ сынап қоссайыста жалпы 316 келіні (серпе көтеруде 141 келі және жұлқа көтеруде 175 келі) бағындырып, жарыста үздік нәтиже көрсетті.
Бұл көрсеткішпен Ақжол Құрманбек жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Күміс медальді Өзбекстан өкілі Бобурмирзо Екубов (136+164) жеңіп алды, ал қола жүлде 298 келі (127+171) көтерген Түрікменстаннан келген Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті пайдаланылады
Келесі жаңалық
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Өзгелердің жаңалығы