Қызылордада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 наурызда Қызылорда қаласында «Евразия» спорт кешенінде 20 жасқа дейінгі юниорлар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 31 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Жарысқа 16 командадан құралған 233 атлет қатысады (152 – ұл, 81- қыз). Спортшылардың дені - Қазақстанның облыстары мен қалаларынан келген (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент).
Жарыстың жаттықтырушылар және төрешілер құрамы атап өткендей, Алматы, Алматы облысы және Қызылорда облыстарының командалары дәстүрлі түрде мықтылығымен көзге түскен.
«Біз Қазақстан ауыр атлетикасының ұстаханасы - Қызылорда қаласында осы деңгейдегі кезекті жарысты өткізуге қуаныштымыз. Жақында қызылордалық ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушілері – жас атлеттер Есенгелді Сапи мен Рахат Бекболат Қазақстан халқына Наурыз мерекесіне сыйлық жасап, Лас-Вегас қаласында өткен Жастар арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында алтын медальдарды жеңіп алды.Осындай өңірлік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу Қазақстан жастары арасында ауыр атлетиканың дәріптелуіне және осы спорт түрінде жаңа жұлдыздардың пайда болуына септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нуралинов.