Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық зілтемірші Денис Полубояринов жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды.  

Спортшы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста жеңімпаз атанды. Қоссайыс есебінде ол 313 (140+173) килограмм көтере алды.

Сондай-ақ, Денис Полубояриновтің нәтижесі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты сынағына өтеді. Нәтижесі 20 жасқа дейінгі спортшылардың өнерінен кейін белгілі болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы