Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңке өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанадағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Ақтөбе облысының 12 ауданынан 20 тауар өндірушісі және Қызылорда облысының 7 ауданынан 70 кәсіпорын қатысады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ақтөбе және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін 21 және 22 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесінде ұсынады.
Қызылорда облысы 270 тонна болатын 40-тан астам тауар түрін әкелмек: күріш - 80 тонна, сүт өнімдері - 4 тонна, балық - 16 тонна, көкөністер - 15 тонна, жемістер - 3,5 тонна, қауын-қарбыз, асқабақ - 145 тонна, ас тұзы - 10 тонна және т.б. Қызылорда өңірінің күріші, ет және балық өнімдері, сүт, бақша өнімдерін ұсынады. Жалпы, екі аймақ Нұр-Сұлтанға 484 тонна өнім әкеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әйелдер онколог мамандардан тегін кеңес ала алады
Өзгелердің жаңалығы