Ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру неден сақтайтыны белгілі болды

Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Климаттың өзгеруі — ғылыми өндірістік орталықтың қызметтік бағытын анықтайтын негізгі зерттеу жұмысының бірі. ҒӨО құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді дәнді дақылдарды, дәнді-жемшөп дақылдарын, көпжылдық бұршақ және азықтық шөптерін іріктеумен, тұқым шаруашылығымен және коммерцияландыру жұмыстармен айналысады.

Орталық ғалымдары шығарған "Таймас" жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сортының сапасы шетелдік және отандық селлекциялық сорттардан әлдеқайда жақсырақ, шаруалар арасында үлкен сұранысқа ие. Былтыр аталған сорт Қарағанды облысының фермерлеріне бір гектардан 30 центнер өнім алуға мүмкіндік берді.

Орталық қызметкерлерінің жоғары ғылыми мүмкіндіктері мен жетістіктері халықаралық деңгейде танымал. ҒӨО 2027 жылы ауыл шаруашылығы бағыты бойынша табиғатты қорғау 10 Дүниежүзілік Конгрессін өткізуді жоспарланып отыр.

Сондай-ақ орталық көпжылдық шөптің түрлері мен сорттарының алуан түрлілігі бойынша елімізде көш бастап тұр. Бұршақты шөптердің және бір жылдық жемшөп дақылдарының 10 түрінің 29-дан астам сорты шығарылды. Жиналған тәжірибе мен орталықтың ғылыми базасын ескере отырып, Серік Жұманғарин орталыққа жайылымдардың деградациясын төмендету бойынша ұсыныстар жасауды тапсырды.

Былтыр жергілікті тұрғындарға қоғамдық жайылымдарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін Жайылым туралы Заң қабылданды. Бірақ мәселенің екінші жағы – олардың деградациясы. Алдағы бірнеше жылда біздің алдымызда барлық жайылымдық жерлерге қайта себу міндеті тұр. Мәселені тиімді шешу және қажетті көлемді жемшөп дақылдарының тұқымын өндіруді және барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берулеріңізді сұраймын, — деді вице-премьер институт қызметкерлеріне.

Жайылымдық жерлердің деградациясы мәселесін шешу үшін көпжылдық және бұршақ тұқымдас шөптер, сонымен қатар бір жылдық жемшөп дақылдарының тұқымын арттыру ұсынылды. Сондай-ақ мал азығы дақылдарының отандық сорттарын көбейтумен айналысатын элиталық тұқым және тұқым шаруақожалықтарын кеңейту жоспарланған.

Бұдан бөлек, Серік Жұманғарин орталық базасында көміртекті егіншілікті зерттеуді ұсынды. Ол нарықтағы құны бидайдан әлдеқайда жоғары жемшөптің жоғары экспорттық әлеуетін атап өтті. Вице-премьер Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру саясатын ескере отырып, құрғақшылыққа төзімді, майлы, мал азығы дақылдарын көбейту ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың бағдарына айналуға тиіс екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы