Ауылшаруашылығы жәрмеңкесі: Қай күні қай облыс келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің күзгі маусымы басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Жәрмеңке маусымын Түркістан облысы ашты. Бүгін "Хан Шатыр" жанындағы алаңға қала әкімі Алтай Көлгінов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келіп, жәрмеңке барысымен танысты. 

Әрбір өнім түрі үшін жеке секциялар бөлінген, нарықтық бағадан төмен көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдерін сатып алуға болады. 

Нұр-Сұлтандықтарға түркістандық 60 тауар өндірушілердің тауарлары ұсынылып, елордаға 250 тоннадан астам өнім әкелінді. 

Сонымен қатар, қазақстандық жиһаз және мектеп формасы ұсынылды. 

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді: 

7-8 қыркүйек: Қостанай және Алматы облыстары 

14-15 қыркүйек: Павлодар 

21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары 

28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы 

5-6 қазан: Қарағанды облысы 

12-13 қазан: Павлодар облысы 

19-20 қазан: СҚО 

26-27 қазан: Ақмола облысы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы