Ауылға интернет жеткізу газ бен су жеткізгенмен тең – Бағдат Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізді интернетпен толықтай қамтамасыз ету қалай болып жатқанын айтты.

Еліміздегі 18,7 млн халқымыз 6500-ге жуық елді мекенде тұрады. Солардың ішінен 4 751 елді мекен бойынша (3G, 4G, оптика-талшық және т.б) жалпы интернет бар деуге болады. Осылайша еліміздегі 17,5 млн халық интернетпен қамтылған. Интернет сапасын ұлғайту мақсатында екі ауқымды жоба іске асырылады. Бірінші жоба «Ауылға оптика тарту» деп аталады. Осы жоба аясында 1257 ауылға оптикалық желілер тарту көзделген және 75 млрд теңге сомасында операторлардан инвестиция тартылған, - дейді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, пандемияға қарамастан 944 ауылға оптика желілерін тарту көзделген. 

Әзірге 835 елді мекенге оптика желілері жеткізілген, 3500 мемлекеттік нысанға – мектептер, ауруханалар, әкімдіктерге интернет тартылған. Бірақ интернет те су мен газ тартқандай болады. Мысалы ауылға жалпы су келсе, оны ауыл ішінде тарату басқа мәселе. Сол секілді оптиканы да ауылға жеткіздік. Ал ауыл ішіндегі үйлерге интернет жеткізу мәселесі басқа жоба аясында шешіледі. Осы жоба аясында Sharing келісімшартына қол қойды. Ол дегеніміз барлық үш мобильдік оператор үш құрылғы орнатпай, бір құрылғы арқылы қызмет көрсете алады,- деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы