Ауылдық жердегі білім деңгейін арттыру мақсатына қаржы бөлінеді – Болат Жәмішев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық жердегі білім деңгейі өсіп жатқанымен, ауылдық жердегі білім деңгейінің төмендеп жатқанын айтты.
Бүгін Білім министрлігінің әртүрлі рейтингтерін қарайтын болсақ, қалалық жердегі білім деңгейі өсіп жатқанымен, ауылдық жердегі білім деңгейі төмендеп жатыр. Бұл қатты алаңдатарлық жағдай, сондықтан қандай да бір қадамдар жасалуы керек, – деді ол.
Сондықтан «Қазақстан халқына» қоры осы мәселеге қаражат бөлуді бастап кетті. Бірақ Болат Бидахметұлы «бұл жағдайда не істеу керегін білеміз» деп жауапкершілік алмайтынын айтты. Қор еліміздегі қайырымдылық ұйымдарының қандай тәжірибесі бар екенін қарастырып, қандай бағдарламаларды ауқымды жүзеге асыра алатынын ғана анықтайды.
Біз ауылдық жерлердегі білім деңгейін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бірақ біз Білім министрлігі емеспіз, оны ескеру керек. Бұл міндетті өзімізге жүктеп ала алмаймыз. Бірақ біз осы бағытта жобасы ғана емес, оны іске асыру тәжірибесі бар қайырымдылық ұйымдарының жұмысын ұлғайтуға көмектесе аламыз, – дейді Болат Жәмішев.