Ауылдықтар Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарының тұрғындарымен кездеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев бастаған топ Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Азат Ет» кооперативінде болып, оның қатысушыларымен кездесті. Іс-шара «Ауылдан ауылға» акциясы аясында өтті және Қазақстан Республикасындағы кооперативтік қозғалысты қолдауға бағытталған.

«Азат Ет» - Қазақстандағы мал шаруашылығы саласындағы жұмыстың тұрақтылығын көрсететін және бірлескен қызметтің барлық дәстүрін сақтаған алғашқы және әзірше жалғыз кооператив. «Ауыл» партиясының деректері бойынша соңғы 10 жылда елімізде шамамен 2700 кооператив құрылған, алайда олардың тек 0,1%-ы ғана жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіреді және тұрақты жұмыс істейді.

Партия жетекшісі Әли Бектаевтың айтуынша, кооперативті ауылшаруашылық техникасымен жабдықтау ЖҚШ-ның жем-шөпке деген сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Малды бірлесіп ұстау және бордақылауды ұйымдастыру мал өсірудің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік беруде. Жоба ауылдық аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға да оң әсерін тигізеді. ЖҚШ малын жайлауға көшіру есебінен ауылдық елді мекендердің жайылымдары тозудан қорғалуда, олар соңғы жылдары нашарлай түскен еді.

Сондай-ақ бүгін ауылдықтар Қызылорда, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында кәсіпорындар және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

Олар «Қызылорда «Квант» механикалық зауыты базасында «Инженерлік-техникалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибесі және проблемалары» тақырыбында аталмыш кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді. 

Сонымен қатар «Ауыл» партиясының мүшелері Махамбет Хасенов, Шынар Искакова, Қуаныш Тұрабаев Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы