Ауыл тұрғындарының өмір сүру стандарты қаланыкінен кем болмауы керек – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Сенат депутат Әли Бектаев Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бірі ауылдық елді мекендерді дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілгенін айтты.

Ауылдық елді мекендерді дамытпай, біз ауыл шаруашылығын дамыта алмаймыз. Себебі ауылды жерлерде аграрлық секторда жұмыс істейтін азаматтар тұрады. Сол жерде өмір сүреді. Олардың өмір сүру стандарты да қаладағымен тең болуы керек, - деді депутат.

Өз кезегінде Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев Жолдауда бюджет тапшылығы мәселесіне көңіл бөлінгенін айтты.

Ұлттық қордағы қаражатты тиімді пайдалану бастамасы да айтылды. Тиімді жоспарлау мен бюджетті тиімді қолдану тапсырмасы берілді. Биыл өңірлерге қаржылық дербестік берілді. Бұл өңірлердегі табыс өсімі 25 пайызға артқанын көрсетті. Жолдауда айтылған барлық бастаманы депутаттық корпус жүзеге асырады деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы