Ауылдық, аудандық деңгейде мемлекеттік қызметшіге деген тапшылық бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев айтты.
Сұхбат барысында ол 2021 жылы Президент жастар кадрлық резервінде болатын іріктеуге қатысты пікірімен бөлісті.Жыл басында резервке 300 адам қабылдадық. Осы үш жүздің 155-сі жұмысқа орналасты, оның 9 адам саяси қызметте. Департамент директоры, директор, орынбасар, комитет төрағаларының орынбасары, басқарма басшысы деген сияқты лауазымдарға өздерінің мамандығы бойынша келіп жұмыс істеп жатыр. Жылдың аяғына дейін қалған резервшілерді жұмысқа орналастырсақ деп отырмыз. Келер жылы да резервшілер қатарына адам қабылдауға дайынбыз. Көп емес, шағын ғана, - деді ол.Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке барудың жолын түсіндіріп берді.
Бұл жөнінде ekyzmet.kz сайтында толыққанды жазылған, сол жерден танысуға болады. Бір жақсысы, мұнда ішкі конкурс деп іріктейміз, бұл меритократия қағидасын сақтау мақсатында жасалынған. Бұған дейін жалпы конкурс болып, сырттан келіп өте беретін, ол кезде меритократия қағидалары ескерілмейтін. Тағы бір мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілермен бірге қарапайым азаматтар да қатыса алады. Қазір осындай шаралар жасалып жатыр. Егер қатысушы мемлекеттік қызметші болмаса, тесттен өтуі міндетті. Ал, мемлекеттік қызметшілер лауазымда жүргендіктен, олардың тек біліктілігіне қараймыз, - деді ол.Агенттік өкілі ауылдық жерлерде, аудандық деңгейде мемлекеттік қызметшілерге деген тапшылық барын айтты.
Білікті, білімді азаматтар керек. Біз ауылдық деңгейді көтеру үшін Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімімен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасына «Үздік ауыл әкімі» деген конкурс енгіздік. Өздеріңіз білетіндей, былтыр ел Президенті Жолдауында «әр әкімді халық өзі бағалауы керек», деді. Соған байланысты біз ауылдық округтердегі әкімдердің рейтингін шығарып, ең үздік әкімнің қандай болатынына, ол ауылдың жағдайы қандай, әкімнің әдептілігі қандай, мемлекеттік қызметті қаншалықты дұрыс атқарып отыр, мемлекеттің саясатын халыққа қаншалықты түсіндіріп отырғанына байланысты үздіктерді анықтаймыз. Қазіргі таңда облыстық деңгейдегі конкурстар аяқталды. Әр облыстан 14 ауылдық округ әкімі үздік деп танылды. Енді оны республикалық деңгейде қарап, қыркүйектің 20-нан кейін жариялаймыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сауда саласындағы 16 кедергі алынып тасталды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы