25 Желтоқсан 2025 2025, 20:46 Фото: gov.kz

Ауылдарда биыл 646 жаңа медициналық нысан салынды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының ішінен 646 нысан қазірдің өзінде салынған. 

Жобаны іске асыру 1 млн-ға жуық ауыл тұрғындарын медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 32 аудандық аурухана көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғыртылуда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 10 нысан бойынша аяқталды, жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.

Күтілетін әсер:

  • инсульт пен инфаркт кезінде «алтын сағатқа» көмек көрсету;
  • жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімнің 20%-ға төмендеуі;
  • 4 миллионнан астам ауыл тұрғындары үшін жоғары технологиялық көмекке қол жеткізу.