Ауылдар қашан интернетке толық қосылады?

Бұл туралы сенат кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2027 жылдың соңына дейін ауылдардың 99 пайызы сапалы интернетпен қамтылады. Бұл – «Қолжетімді интернет» жобасының тек қана бір бөлігі,-деді ол.

Барлығы 6226 ауыл бар. Олардың 4800-і интернетпен қамтамасыз етілген. Енді барлық ауылды оптикалық интернет тарту көзделген.

БАҚ өкілдері Досжан Мұсалиев ауылдық жерлердегі интернет тарифі қандай болатынын нақтылады.

Ауылдық елдімекен болғандықтан, біз 50 пайызын субсидиялап отырмыз. Сондықтан біздің болжамымыз бойынша тарифтер 5 мың теңгеден басталады. Ал енді одан жоғары жылдамдық керек болса, үлкен интернет пакеттері керек болса, онда тариф құны кішкене қымбаттырақ болады. Оптика тартылған үйге сапалы интернет келеді, – деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы