Ауылдан қалаға кетіп жатқандардың дені – жастар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

Ауылдық жерлердегі азаматтардың табысы қаламен салыстырғанда төмен болары белгілі. Бизнестің болмауы, кәсіптің дамымауы осыған да тікелей байланысты. Ауылдан азаматтардың үдере көшуінің негізгі себебі – жастар. Жастар өз болашағын қаламен байланыстырады, оқуын, қызметін қаладан көреді, қалаға ұмтылады. Сондықтан, ауылдан кетіп жатқандардың дені – жастар деуге болады, - деді ол. 

Басқарма төрағасы шекарада кәсіп ашуға барлық жағдай жасалғанын,  алайда, жастар үшін бес жылға өңірлік бағдарлама қабылдау керектігін жеткізді.

Өкінішке орай, Ресеймен шекаралас облыстарда арғы қабақтағы ресейлік облыстар нақты саясат жүргізіп отыр. Біздің соңғы 9, 10, 11-ші сыныптарда білім алып жатқан, түрлі олимпиадалардан көзге түскен оқушылардың тізімі бар, нәтижелі түрде сол оқушыларды өздерінде оқуға шақырып,  жағдай жасап отыр. Сондықтан, кешегі съезде айтылғандай, бұл арада бес жылға өңірлік бағдарлама қабылдаған жөн. Оны Мемлекет басшысы да айтып кетті. Әр өңір өзіне қажетті мамандықты, оған қатысты бәсекені білуі қажет. Шекарада отырғандарға тағы қосымша жергілікті бағдарлама арқылы көмек ашу керек, кәсіптің қалануына жағдай жасау қажет, - деді Мырзахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы