Ауылдағы өрт саны 25%-ға азайды – ТЖМ

Еліміздегі ауылдық елді мекендердегі өрт саны біршама азайған. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бүгінде шалғай ауылдарда Министрліктің негізгі бөлімшелері келгенге дейін өртті жоюға көмек көрсететін мыңдаған еріктілер жұмыс істейді.

Өткен жылмен салыстырғанда, "Ауыл құтқарушылары" атқарған жұмыстарының арқасында ауылдық жерлердегі өрт саны 25%-ға, адам өлімі 38%-ға азайды. Жылыту маусымы басталғаннан бері еліміздің тұрғын үй секторындағы өрттің 17,5%-ға азайғаны байқалады (2025жылы – 340, 2024 жылы – 412). Дегенмен өрт қаупі сақталады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр жыл басынан бері 82 өрт сөндіру пункті ашылғанын алға тартты.

Жыл аяқталғанға дейін тағы 67-сін ашу жоспарланып отыр. Министрліктің тарапынан оларға техника, киім-кешек пен байланыс құралдары беріліп, оқыту курстары ұйымдастырылды, - деді Шыңғыс Әрінов.

Айта кетерлігі, өрттің негізгі себептері – жылыту құралдарының жұмыс істемеуі, пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ азаматтардың салғырттығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы