Ауылдағы мұғалімдер көбірек жалақы ала ма?

2025 жылы бір ставка бойынша мектеп мұғалімінің орташа айлық жалақысы 293 мың тенге, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қалалық ұстаздар үшін - 352 мың теңге, ауылда – 435 мың теңге, колледж оқытушысының орташа айлық жалақысы 324 мың теңге. Оның ішінде қалада – 290 мың теңгені, ауылда – 357 мың теңге.

2020 жылдан бастап мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің еңбекақысы екі есеге артты. Педагог мамандығының беделі көтеріліп, еңбек жағдайлары жақсарды, мұғалімдердің құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Атап айтқанда, педагогтердің жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылданып, мұғалімдердің еңбек нормалау жүйесі және демалыс уақыты реттелді,- деліген министрліктің редакциямызға берген жауабында.

Айта кетерлігі, ұстаздарға тәлімгерлік үшін, магистр дәрежесі үшін, сондай-ақ спорттық секцияларды жүргізгені үшін қосымша төлемдер енгізілді, сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру үшін қосымша төлемдер қарастырылған. 

Педагогтің жалақы мөлшері білім деңгейіне (жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), біліктілік санатына (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор), жұмыс өтіліне, орындалатын жұмысының көлеміне (тарификация бойынша нақты жүктемесіне), сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы қосымша ақыларға, еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларға байланысты есептелінеді. Жоғары жалақыдан бөлек, басқа да шығындарға көмек көрсету жергілікті атқарушы органдар тарапынан дербес қарастырылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы