Ауыл азаматтарының бастамаларын қолдауға 60 шағын грант бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін онлайн-форматта «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы туралы брифинг өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР АҚДМ қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Іс-шараға ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасы Лима Диас, «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ грант алушылардың Президенті Айгүл Дүйсенова, сондай-ақ жобаның сарапшылары мен менеджерлері қатысты. 

М.Қожахмет грант алушыларға сәттілік тілеп, биылғы жыл - ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті, сондықтан ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар бөлу бойынша мемлекет жүргізіп жатқан жұмыстардың ерекше мәні бар. 

Лима Диас ауылдағы бастамаларды қолдау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі туралы айтты. 

Өткен жылы ГҚО жобалары аясында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі жобалар іске асырылды. Ағымдағы жылы біз ауыл тұрғындарын қолдауды жалғастырамыз. Бұл жоба ауылдық аумақтарды дамытуға оң үлес қосатынына сенімдімін, - деді Лима Диас. 

Өз кезегінде Айгүл Дүйсенова грант алушының алдында тұрған жоба, мақсаттар мен міндеттер туралы айтып берді. 

Брифинг барысында 500 мың теңгеден 60 шағын грант бөлу арқылы ауылдық бастамаларды дамыту және ауыл халқының цифрлық, қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы көшбасшыларды анықтау жоспарланып отырғаны айтылды. 

Гранттар 5 бағыт бойынша бөлінеді: «ауыл халқының цифрлық сауаттылығы», «ауыл халқының қаржылық сауаттылығы», «білім беру саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру», «денсаулық сақтау саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру», «дене шынықтыру және спорт саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру».
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы