"Ауылда жұмыс жоқ". Дәулет Мұқаев ауыл балаларына ақша бөлу керегін айтты

Мәжілістің комитет отырысында депутат Дәулет Мұқаев ауыл балаларының спортын дамытуға жағдай жасау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

180 спорт түріне ақша бөлу – ол өте көп. Оны көріп те, сезіп те отырмыз, нәтиже жоқ. Қазақта “қойшы көп болса, қой арам өледі” деген сөз бар. Қазір тура соның нақты мысалын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, ауыл балалары, ауыл спорты дейміз. Бөлініп жатқан миллиардтарға ауыл балаларына арналған түрлі спорт клубтары ашылса екен деймін. Бұл бір мәселе. Екіншіден, қаланың балалары жарысқа қатысуға ақаш табады. Өкінішке қарай ауыл балаларына ақша бөлінбейді. Жолының өзіне де бөлінбейді. Олар түрлі жарыстарға қатысады. Республикалық, қалалық жарыстарға қатысқан кезде олар не істейді? Олар әлеуметтік желілерде қор ашып, ақша жинайды. Сол жиналған қаражатпен жарысқа барған ауылдың балалары нәтиже көрсетіп жүр, - деді депутат.

Мұқаев бөлінген қаржының бір бөлігіне балалардың жарысқа қатысу шығындарын өтеуді ұсынды.

Өздеріңіз білесіздер, ауылда жұмыс жоқ. Жұмыс болған күннің өзінде мектеп не балабақша ғана табыс көзі. Көп ата-ана жұмыссыз. Қаржыны 180 спортқа бөле бермей, ауыл балаларының спортына бөлу керек, - деп ұсыныс жасады Мәжіліс депутаты комитет отырысында.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы