Ауылдағы 1000-нан астам әйел тегін оқытылады – Салтанат Рахымбекова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы 5 наурызда "Coca-Cola Belesteri" жетінші республикалық ауыл әйелдерінің арасында шағын бизнесті бастау конкурсының іс-шаралары басталады.
Бұл туралы "Жасыл" экономика және "G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова ОКҚ баспасөз барысында айтты.Спикер ауылдағы жұмыссыз әйелдерді қолдауға арналған әлеуметтік жобаға тоқталды.
Олар "Ауылдағы отбасылық бизнесті дамыту - тұрақты ауыл дамуының негізі" республикалық конференциясынан және "Онлайн фермерлік мектеп" онлайн білім беру платформасын іске қосудан басталады. Осы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының 35 ауылында көшпелі оқыту семинарлары ұйымдастырылады, онда 1000-нан астам ауыл әйелдері тегін оқытылады. Осы жобаны іске асырудың арқасында ауыл әйелдерінің өзін-өзі жұмыспен қамтудың қол жетімді демонстрациялық үлгілері, кәсіпкерліктің жаңа түрлерінің мысалдары жасалды. Бүгін біз ауыл әйелдерінің арасында Coca-Cola Belesteri республикалық байқауының басталғандығын жариялаймыз, оған сәйкес 10 жеңімпаз өз жобаларын жүзеге асыру үшін 4,000 АҚШ доллары көлемінде грант алады, - деді Рахымбекова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы