Ауыл тұрғындарына Ақмола облысының құтқарушылары көмектесуде

Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы, Астраханка ауылы және Қорғалжын ауылы қардың қарқынды еруі салдарынан жеке тұрғын үйлердің аулаларында еріген қар суы жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Тұрғындар құтқарушыларға су сору жұмыстарын жүргізу туралы өтінішпен жүгінді. 
ТЖД құтқарушыларының күшімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Мотопомпаның көмегімен 240 текше метр су сорылды. Жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы