Ауыл тұрғындары жолда қалған жолаушыларға жәрдемдесті

Ауа райының күрт төмендеуінен жолда қалған жолаушыларға ауыл тұрғындары жәрдемдесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысының аумағында қатты боран болуына байланысты кешеден бері республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығы жабылған болатын. Бұл Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аумақты қамтыды. Нәтижесінде Ақтөбеге бағыт алған 807 автокөлік және 1000-ға жуық жолаушы жолда қалды.

Аралдық ерікті жастар, мекемелер мен кәсіпкерлердің қолдауымен жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, керек-жабдықтар таратылды. Ал әйелдер мен балалар аудандағы Арал индустриалды- техникалық колледжінің жатақханасына орналастырылған.

Ал денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жолаушылар жағдайын ұдайы назарда ұстап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: https://www.facebook.com/aralaudany
Өзгелердің жаңалығы