Ауыл тұрғындары әскерилер мен волонтерларға бауырсақ пісіріп алып келген
Индерде ауыл тұрғындары әскерилер мен волонтерларды ыстық бауырсақпен тамақтандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының Индер ауданында жергілікті тұрғындар жұма күндері әскери қызметшілер мен волонтерларға арнап бауырсақ, самса пісіріп жүр. Піскен тағам Жайық өзені бойында жағалау бекіту жұмыстарын жүргізіп жатқандарға таратылады.
Тұтастай алғанда, аудан бойынша тасқын суға қарсы дайындық жұмыстарына 520 мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ, 300 әскери қызметші тартылып, барлығы 460 мың құм салынған қап дайындалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да аэровизуалдық мониторинг жүргізіліп жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы