Бүгiн 2026, 07:05 Фото: Жасанды интеллект

Ауыл тұрғындары 5 жылдан бері "суда өмір сүруде" – әкімдік әлі шешімін таппады

Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындары 5 жылдан бері толарсақтан саз, белуардан балшық кешіп отыр. Аймақ әкімдігі де, ауыл да келген жылдан үмітті.

Маңғыстау облысындағы ауыл жер асты суларының көтерілуіне байланысты су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл тұрғындарының үйлері енді тұруға жарамсыз. Ғимараттардың іргетасынан су ағып, бөлмелерін су басты. Нәтижесінде олар электр қуатын, газды және жылыту жүйелерін өшіруге мәжбүр. Тұрғындар тиісті органдардың дереу араласуын талап етуде. Аталған ақпаратты Atameken Business таратты.

Қазіргі таңда тұрғындар тікелей судың ішінде өмір сүріп жатыр. Көктем шыға жертөлелер суға толып кетеді, дегенмен 5 жылдан бері өзгеріс жоқ. Адамдар мүлігін де, денсаулығын да сақтай алмай отыр.

Маған құрғақ жерімді қайтарып берсін немесе басқа құрғақ жерге көшейін. 2022 жылы толық сап-сау болып көшкенмін, қазір артрит шықты, – дейді Атамекен ауылының тұрғыны Ұлдай Жансайытова.

Мен әкімдікке хабарластым. Олар ешқандай көмек болмайтынын айтты. Ақша жоқ. Арзан несиелер жоқ. Мен дренаж туралы сұрадым. Олар бұл тек осы жылдың соңына жоспарланғанын айтты. Олар мұны қашан жасайтыны туралы ештеңе айтқан жоқ, тек жоспар ғана, – дейді Сергей Адаев.

Амалы таусылған ауыл тұрғындары өздері сорғы арқылы суды шығарып отыр, бірақ бұл тек уақытша шешім. Әкімдік жаңа дренаж жүйесін салу қажет екенін, тек оның құны шамамен 2,5 млрд теңге болатынын айтты, бірақ нақты басталатын мерзімі белгісіз.

Қаржыландыру қашан бөлінетінін немесе жұмыс қашан басталатынын нақты айта алмаймын. Бұл тек жылдың басы ғана, ал бюджеттік ұсыныстар әлі қаралуда. Сондықтан мен қазір нақты жауап беруге дайын емеспін, – дейді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Нұрмұхан.

Тұрғындар шұғыл көшіруді немесе су деңгейін төмендететін шараларды тез арада қабылдауды сұрап отыр.