Ауылшаруашылық өнімдерімен елімізді қамтамасыз ету деңгейі 60%-дан аспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзіміз өндіретін ауылшаруашылықтың кейбір өнім түрлері бойынша елімізді қамтамасыз ету деңгейі 60 пайыздан аспайды. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында төрағаның орынбасары Нұрлан Әбдіров айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаның 4 жыл ішіндегі іске асырылу мониторингінің қорытындылары саланы дамытудың оң үрдістерін айғақтайды. Бағдарлама шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға 2017-2020 жылдарға 2,5 трлн теңге жоспарланған болатын. Іс жүзінде 1,6 трлн теңге немесе 66% бөлінгеніне қарамастан, көрсетілген кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 есе өсті, - дейді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, азық-түлік тәуелсіздігінің өлшеміне сәйкес, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80%-дан астамды құрап отыр.
Алайда, өзіміз өндіретін ауылшаруашылықтың кейбір өнім түрлері бойынша елімізді қамтамасыз ету деңгейі - 60 пайыздан аспайды. Қалған сұраныс импорт (40 пайыз) есебінен жүзеге асырылып жатыр, - дейді Сенат төрағасының орынбасары.
Оның келтірген дерегіне сүйенсек, өнімдердің импортында ең жоғары үлес салмақ ірімшіктер мен сүзбеге (51 пайыз), сары майға (36,4 пайыз), шұжық өнімдеріне (46 пайыз), ет және етті-өсімдік консервілеріне (40 пайыз) тиесілі. Ішкі тұтынуда құрақ қантының импорты – 55 пайыз, ал дайын қанттың үлесі – 42 пайыз. Бұл жерде қолданыстағы қант зауыттарының өндірістік қуаттары 37 пайызына жүктелген. Сонымен қатар республикада көкөніс консервілері де импортталады. Олардың үлесі – 84 пайыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Парижде каратеден лицензиялық дода басталды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы