9 Қыркүйек 2026, 14:45 Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан 6,3 млн тоннадан астам өнім жиналды

Сонымен қатар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 906,5 мың тонна майлы дақылдар тұқымы, 2,4 млн тонна көкөніс, 1,8 млн тонна бақша дақылдары және 1,2 млн тонна картоп жиналды.

Өңірлік штабтар егін жинау науқанын уақтылы аяқтау үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ете отырып, дала жұмыстарын үйлестіруде.

Егін жинау және күзгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жылдық қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайтын болса, қазірдің өзінде тиісті келісімшарттар жасалып, 2 млн тонна немесе жылдық көлемнің 85%-ы жөнелтілді.

Бұл негізгі екі міндетті қатар шешуге: қазіргі егін жинау науқанын іркіліссіз аяқтауға және диқандарды келесі өндірістік циклге уақтылы дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде егін жинау жұмыстарын уақтылы аяқтау, жиналған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету, астықты сапалы қабылдау және азық-түлік астығының жеткілікті қорын қалыптастыру басым міндеттер болып қала береді.

Жаңа өнімнен күтілетін көлем еліміздің азық-түлік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді және ішкі нарықты сапалы астықпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасайды.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және АӨК-ті орнықты дамыту жұмыстары жалғасуда.